Бүгін LRT аялдамаларының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап.
Құтқарушы Бейбіт Қыран көрші елден келген құрылысшылармен қытайша сөйлесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылап қана қоймай, адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттады.
LRT желісіндегі аялдама павильонының жертөлесінде электр кабельдері мен құрылыс қоқысы өртенді. Өрт 10 шаршы метрге тарады. Құтқарушылар өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.
