BANNER

5 жастағы бала тоңазытқышта тұншығып өлді

БҚО ПД

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Баланың мәйітін анасы тапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қара жамылған әйелдің айтуынша, оның 3 баласы сол күні далаға ойнауға кеткен. Алайда үйге екеуі ғана оралған. 27 жастағы әйел жоғалып кеткен ұлын шарқ ұрып іздейді. Мүмкін тығылыспақ ойнаған шығар деп кездейсоқ аулада тұрған ескі тоңазытқышты ашып көреді. Із-түссіз кеткен баласының жансыз денесін сол жерден тапқан.

«Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Аталған дерек оқыс жағдай ретінде есепке алынды», – деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Бала тоңазытқыштан шыға алмай қалған. Себебі, оның есігі тек сырттан ғана ашылады.