BANNER

Бала-шағасына күш көрсететін еркектер енді аула тазалайды

Ашық дереккөз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында отбасындағы әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың артуының бірден-бір себебі - жазаның жеңілдігі екенін атап өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі. Президент алдағы уақытта әйеліне күш көрсететін азаматтарға қолданылатын шараны қатаңдату керегін алға тартып, нақты тапсырма берді. 

Біріншіден, отбасылық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген жағдайда күдікті 25 күнге дейін бас бостандығынан айырылады. 

Екіншіден, енді әлсіздерге күш көрсеткен азаматтар жазадан айыппұл төлеп құтылып кетпейді. Оның орнына басбұзарлар аула тазалау, сыпыру, құрылыс сынды қоғамдық жұмыстарға тартылады. Әзірге өзгерістер талқылану үстінде.