Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды. Бұл хабарды елордалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеген, деп жазды телеграмдағы PARANOIA.KZ арнасы.
15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері 201 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етуге жатпайды.