Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріліп, оның орнына саябақ салынады. Мемлекет басшысы дәл осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.