Көк жүзінде барады қаздар қалқып...

ғаламтор

Көк жүзінде барады қаздар қалқып...

Неліктен құстар сына пішінінде тізбектеліп ұшатынын білесіз бе?! Көптеген жылдар бойы адамдар құстардың неге осындай тізбекпен  ұшатыны туралы бас қатырып келген. Бұл шынымен, таңқаларлық, өйткені табиғат құстарға үлкен қашықтықты ұшып өтуге мүмкіндік беретін тамаша әдісті сыйлаған. Әрбір құс қанаттарын қаққанда, екпінінен ауада ағын тудырып, артында ұшып келе жатқан құстың көтерілуін қамтамасыз етеді. Осылайша, сына пішінінің арқасында бүкіл топ әрбір құс жеке дамыта алатын жылдамдықпен салыстырғанда ұшу жылдамдығын кем дегенде 71%-ға арттырады. Бұл құстардың ұшуын ауырлататын ауа толқындарын, кедергілерін айтарлықтай азайтады, сондықтан олар аса үлкен қашықтықтарға рейстер жасай алады.

Топ басында көшбасшы ұшады, ол – құстардың ішіндегі ең күштісі әрі   төзімдісі. Оның қанат қағысы артқы топқа қосымша ауа толқындарын қамтамасыз ететін күшті ауа ағындарын жасайды. Екінші буын үшіншінің, үшінші буын кейінгілердің осы ретпен жұмысын жеңілдетеді. Ең кәрі және әлсіз құстар әрқашан сына тізбектің соңында ұшады - онда ауа кедергісі аз болады. Артқы тізбекте ұшатын құстар алда ұшқан топ тудыратын әуе толқындарында еркін самғайды. Бір қызығы, сына тізбекпен ұшатын құстар жылдамдықтарын сағатына 80 шақырымға дейін арттыра алады және оны барлық ұшу сапарында сақтай алады. Топтың көшбасшысы, әдетте, бұл жолмен бірнеше рет ұшып өткен және жолды жақсы білетін кәрі, бірақ әлі де күшті құс болады. Топ ішінде бірнеше осындай құс болуы керек және олардың барлығы топ басында ұшады. Көшбасшы шаршағаннан уақытта шегініс жасап, демалу үшін сына тізбектің соңында ұшады, ал көшбасшының орнын басқа құс алмастырады. Осылайша олар бүкіл жол бойы ауысып отырады.

Бір қызығы, аспанда ұшып бара жатқан құстар тобынан қаңқылдаған дауысты тек артта ұшатын құстар шығарады. Осылайша, олар алда ұшатын құстарға қолдау білдіріп отырады және оларды баяуламауға ынталандырады. Бір құс жалпы топтан бөлектеніп, жалғыз ұшуға талпынса, бірден ауырлық пен ауа кедергісін сезінеді. Сондықтан ол қайта өз тобына оралады.

(Ақпарат фейсбуктен алынды)