Нұр-Сұлтан енді Астана болады: Тоқаев тиісті құжатқа қол қойды

ашық дереккөз

Қазақстандық депутаттардың ұсынысы бойынша елорданың бұрынғы атауы қайтарылатын болды.

Аталмыш бастама Мәжіліс депутаттарының ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасы енгізілді.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Естеріңізге сала кетейік, Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беруді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ұсынған еді. Астананың атауын өзгертуге бағытталған бұл ұсынысты Парламент депутаттары бірауыздан қолдаған болатын.