Рыбакина Дубайдағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина жарыстың бірінші айналымында әлемнің 36-ракеткасы, 2019 жылғы АҚШ чемпионы, канадалық Бианка Андреескумен кездесті.

Есеп - 6: 3 және 6: 4.

Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.