Токио Олимпиадасының жүлдегері Игорь Сон допинг дауына байланысты 8 жылға спорттан шеттетілді

ашық дереккөз

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлады Ұлттық антидопинг орталығы.

Токиода 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Соннан метастерон сынамасы табылды, соның салдарынан ол 8 жылға спорттан шеттетілді.

Ал шеттетілу уақыты 2022 жылдың наурыз айынан басталған.

Игорь Сон Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде еншілеген еді.