Қарағанды облысы Республика күнін қалай атап өтеді

ашық дереккөз

Қарағанды облысында Республика күніне орай қайырымдылық акциялары, челлендждер, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Тұрғындар үшін маңызды және қажетті нысандар ашылады, ал кезекте тұрғандар пәтер кілттерін алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке айтылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі. 

14 қазанда "Табиғатты аялайық" жастар экологиялық акциясы басталады. Саябақтарды, аулаларды, гүл бақтарын, орман алқаптарын тазалау болады. Акцияны Қарқаралы ауданы ұлттық табиғи парк аумағында бастайды. Оны облыстың барлық қалалары мен аудандарының эковолонтерлері жалғастырады.

15 қазаннан бастап "Бірге жақсылық жасайық" атты жалпыұлттық челлендж басталады. Челлендж барысында #жақсылықтыбіргежасайық, #Республикакүні хэштегтері бар мотивациялық роликтер әлеуметтік желілерге салынады.

Этномәдени бірлестіктер де "Саған, менің Республикам!" челленджін бастады. Онда Отан туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалып, ұлы ақындар мен ойшылдардың нақыл сөздері насихатталады.

Кеншілер мәдениет сарайы 17-ші қазан мен 5-ші қараша аралығында этномәдени бірлестіктер арасында "Өнеріміз сен Қазақстан!" патриоттық әндер челленджін өткізеді. 3 қарашада мектеп оқушылары арасында "Қыран елім – Қазақстан" атты облыстық патриоттық ән байқауы өтеді.

15–16 қазан аралығында республика күніне орай көкпардан "Сарыарқа" Кубогы өтеді.

Сондай-ақ, медициналық және спорт нысандарын, балалар алаңдарын ашу, кілттерді тапсыру жоспарлануда.

Облыс бойынша қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Республика күнімен ардагерлерді, көпбалалы отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын құттықтаймыз.

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 22 қазанда мерекелік концерт және салтанатты жиын өтеді.

«Жаңа Майқұдық», «Молодежный» және «Теміржолшылар» мәдениет үйлерінде 25-ші қазанда "Менің Қазақстаным" концерттік бағдарламасы өтеді.

Республика күні облыс тұрғындары "Қыран елім – Қазақстаным" жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында еліміздің әнұранын орындайды. Қарағандыда әнұран тутұғырдың жанындағы алаңда шырқалады.