Емхана қағазын қолдан жасаған Қарағанды тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды

ашық дереккөз

Қарағанды қаласының тұрғыны еңбекке жарамсыздық парағын қолдан жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заң бұзған қала тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды.

Кейін анықталғандай, Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны жұмыстан демалғысы келіп,  сырқатына байланысты жұмысын босатқан. Бірақ ол жұмысқа барар алдында тиісті анықтаманы емханадан емес, төрт мың теңгеге  сатып алған. Кадр бөлімінің қызметкерлері жалған анықтаманы бірден байқап, полицияға хабарлаған.

Айта кетейік,  "жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бабы бойынша 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады (ҚК 385-бабының 3-бөлігі).