Қарағанды облысының Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөз

Қарағандыда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға өңірдің жаңа бастығыны таныстырды. ҚР Президент әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы болып генерал-майоры Санжар Аскенұлы Адилов тағайындалды, деп хабарлайды "LIFE09" ақпарат агенттігі. 

Ведомства басшысы жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірбиесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орынында жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзулинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орынына сәттілік тіледі. 

Ведомства бастығы Қарағанды облысының полиция басшылығы мен жеке құрамның алдына полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемалық -бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктеді.