400 миллион теңгеден аса ақша ұрланған: Қазақфильмге қатысты тергеу басталды

ru.sputnik.kz

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражаты ұрлануына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

Алдын-ала мәлімет бойынша фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақфильмнің" экс-президенті жемқорлық дерегіне байланысты күдікті деп танылғаны хабарланды.