BANNER

Дикий Арманға үкім шықты

инстаграм желісінен

Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

МӘН-ЖАЙ

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. 

Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын. 

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімі бойынша Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. 

Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған

«Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған. Іс бойынша айыпталушылар қатарында бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов және тағы басқа тұлғалар бар. Барлығы 42 адам айыпталуда.