Қарағандылық Тимофей Муравьев дрон-рейсингтен FAI әлем чемпионатында сайысқа түскен алғашқы қазақстандық болды. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен жарыс қатысушы елдердің саны бойынша ең ауқымды іс-шара ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына тіркеліп, тарихқа енді. Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 143 ұшқыш келді. Тимофей жас болғанына қарамастан өзін көрсете білді және әлемнің үздік 16 ұшқышының қатарына кірді.
– Бұл, әрине, әлемдік біріншілікке қол жеткізген үлкен жетістік. Дроннан әлем чемпионаты 2016 жылдан бері өткізіліп келеді, ал қазақстандық өкіл алғаш рет қатысуда. Біз тыңғылықты жаттықтық. Екі күн ішінде 64 жарысқа қатысушы біліктілік бойынша жарысқа шықты. Тимофей әлем чемпиондарымен бір топта болды, – деді спортшының әкесі Сергей Муравьев.
NSP KazGeoScan командасының ұшқышы Тимофей Муравьев соңғы сайысқа түсіп, ширек финалға шықты. Оның қарсыластарының бірі Жапонияның қазіргі әлем чемпионы Yuki Hashimoto болды. Польшалық USA MultiGP чемпионы Pawel Laszczak 11 жасар қарағандылық бар болғаны 1,3 секундтан жеңілді. Үш айналымды 00:58:020 нәтижесімен аяқтады.
Жарыс кезінде ұшқыш арнайы көзілдіріктің көмегімен жерден басқаратын ұшқыштың жылдамдығы сағатына 200 километрге дейін жетеді.
Қарағандылық Тимофей Муравьев – Қазақстандағы № 1 ұшқыш. Қазақстандық және халықаралық біріншіліктердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Өткен жылы Түркиядағы халықаралық технофестте Қазақстанды таныстырды.
Жетістік кепілі – тұрақты жаттығу және жетілу іздену.
– Мықтылар қатарында болу үшін үнемі жарысып, деңгейіңді түсіну керек. Биыл Алматыда Қазақстан чемпионаты өтеді, дайындықты бастаймыз, – деп атап өтті Сергей Муравьев.