BANNER

Қарағандылықтарды Орталық саябақта өтетін жаппай шаңғы жарысына шақырады

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда 22 ақпанда жаппай шаңғы жарысы өтеді. Спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Барлық ниет білдірушілер – оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады.

"Өтініштер wintersport_kz@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp 8-708-972-80-57 нөміріне қабылданады. Бір айналым – 1,5 км", – деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жарыс бағдарламасы жеті жүгіруден тұрады: үшеуі – 4-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары арасында, екеуі – колледждер мен ЖОО студенттері арасында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер, ардагерлер арасында жеке жарыстар болады.

Қатысушылар Қарағанды орталық саябағында «Green City Park» тұрғын үй кешені жағынан үшінші шағын көлдің жанында жиналады. Жарыс сағат 12:00 басталады.