BANNER

Қарағандыда «Өңірдегі орта білім беруді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті

ашық дереккөз

Қарағанды ​​қаласында «Өңірдегі орта білім беруді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде мамандар өңірдегі орта білім беруді дамытудың келешегі, Қарағанды ​​облысындағы мектептерде оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану, STEM тәсілі мен білім беруді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шараға Қарағанды ​​облысы әкімінің  орынбасары Ерлан Құсайын, "The Ulytau Educational Foundation" Қайырымдылық қоры" Қоғамдық қорының директоры Марина Марсқызы Хан, облыстық білім  басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова қатысты.

««The Ulytau Еducational Foundation  «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Балқаш қаласы мен Қарқаралы, Осакаров аудандарында, Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау, сондай-ақ Жамбыл облысының Шу ауданында білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. Қордың жобасы – «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығына облыстағы 85 серіктес мектеп пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің екі колледжі кіреді. Алдағы уақытта ынтымақтастық арқасында бірлесіп белсенді жұмыс атқаратындығымызға сенімдімін», – деді Ерлан Құсайын.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Ustaz Ulytau» ПТО жобасына енген жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен Қарағанды ​​облысы және Балқаш қаласының аудандық білім бөлімдерінің басшылары да шақырылды.

Дөңгелек үстел соңында «The Ulytau Еducational Foundation  «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры мен Қарағанды ​​облысының білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, «The Ulytau Еducational Foundation «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС: Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Балқаш қаласы мен Қарқаралы, Осакаров аудандарында, Қарағанды ​​облысының Абай, Бұқар жырау, сондай-ақ Жамбыл облысының Шу ауданында білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. Қордың жобасы – «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығына облыстағы 85 серіктес мектеп пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің екі колледжі кіреді.