BANNER

Суретшілер арасында республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.

Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.

Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша (8-7172) 919-035, 919-036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі