Теміртауда мектеп оқушысы терезеден құлап кетті

Ашық дереккөз

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше, 27 шілдеде ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған қыз бала 2-қабаттың балконынан құлап кеткен.

Бала түрлі дене жарақаттарымен Теміртау қалалық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі. 

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардың салғырттығы балалардың жарақат алуына немесе өліміне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.