Алтай Көлгінов қызметінен босатылды

ашық дереккөз

Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды life09 ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген құжатта.

Көлгінов 2022 жылдың 9-шы желтоқсанынан бастап премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін 3 жылдан астам уақыт бойы Астана әкімі болды.