Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі күдікті деп танылды

ашық дереккөз

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі күдікті деп танылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді.

Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті деп танылған.

Айта кетейік, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған еді. Ол кезде Мұхамедиұлы ұлттық музейді басқарып тұрған болатын. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.