Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

ашық дереккөз

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысы әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін Оңдасын Оразалин атқарған болатын.