Ринат Зайытов: «Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасын біліп тұрып, айтпады»

ашық дереккөз

Қалың қазаққа белігілі ақын Ринат Зайытов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбаты барысында экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатты өкпелегенін айтты, деп хабарлайды  LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Сұхбат барысында Ринат Зайтов Бекболатты әсіресе қаңтар оқиғасына қатысты айыптады.

«Бекболат Тілеухан деген адаммен мен араласам, сөйлесем. Шынайы құштарлықпен сөйлесем, оның әңгімесі де ұнайды маған. Бірақ Қаңтарда өкпеледім. Ол ішінде жүр ғой. Соның бәрін білді ғой. Бір ауыз айта салса болатын еді деп. Бір ауыз! Кетіп қалғанына жарайды. Бірақ бір ауыз айтуға болатын еді ғой. «Жігіттер, мынау осылай болып жатқан нәрсе. Абай болыңдар», деп айтты Ринат Зайтов.

Сондай-ақ Ринат Бекболат ағасының қаңтардан кейін бірде-бір елге келмегеніне де өкпелі екенін айтты.

«Мен оған сол үшін өкпеледім. Ол соның ішінде жүрген адам ғой. Желтоқсан айында өз еркіммен кеттім деді де, депутаттықтан кетті. Демек оның кетуіне түрткі болған өзімнің ғана пайымдауым, осы әңгімелердің шет жағасын білді де... Кетті деген күннің өзінде бір жағынан ақтап алуға болатын жері – соған қатыспайын деп кетіп қалды. Өйткені оны қатысуға мәжбүрлейтін еді. Осы уақытқа дейін олардың қасында жүргеннен кейін мәжбүрлейді ол. Ал айтпай кеткені өкпелеуге тұрарлық. Бұл жерде айту керек. Ол кісіде мүмкіндік болды. Айтып кететін. Сосын жалпы кім маған қанша айтқанымен, алған да, берген де ештеңем жоқ ол кісіге», деді айтыскер ақын.