BANNER

Асу Алмабаев UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізді

Сурет: sports.kz

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты.

Асу үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алмабаевтың UFC-дегі көрсеткіші - 3:0, ал ММА-дегі нәтижесі - 20:2.

Айқастан соң Алмабаев UFC-дегі жеңіл салмақта үздік бестіктің қатарына кіріп, рейтингіде төртінші орында тұрған жаңазеландиялық Кай Кара-Франсты жекпе-жекке шақырды.