Бокстан лицензиялық турнир: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін, 11 наурыздан 12-не қараған түні қазақстандық боксшылардың шешуші жекпе-жегі өтеді.

Ел құрамасы сапында олимпиада жолдамасына ерлерден Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) таласады.

Ал әйелдерден Алуа Балқыбекова (50 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

Ерлер:

92 келі. 17:30. Айбек Оралбай (Қазақстан) - Джамар Тэлли (АҚШ)

51 келі. 00:00. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Киаран Макдональд (Ұлыбритания)

57 келі. 00:30. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Асрор Вохидов (Тәжікстан)

71 келі. 00:45. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Сархан Алиев (Әзербайжан)

80 келі. 01:30. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Келин Кэссиди (Ирландия).

Әйелдер:

75 келі. 19:30. Валентина Хальзова (Қазақстан) - Синди Нгамба (Ұлыбритания)

50 келі. 23:00. Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Макси Карина Клётцер (Германия)

Айта кетсек, лицензиялық турнирде жартылай финалға дейін жеткен боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алады.