Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ.
Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның 2 айда 5 рет WTA турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.