Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің ширек финалына шықты.
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда. WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің алғашқы айналымында қытайлық Чжу Линді 6:2, 6:1 есебімен ұтқан отандасымыз екінші айналымда америкалық Эмма Наварродан басым түсті.
Рыбакина үш сетте әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Наварроны 6:1, 6:7, 6:4 ұпайымен ұтты. Келесі айналымда ол канадалық Лейла Фернандеске қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен еді.