EURO-2024: Қазақстан құрамасының ойындарын қайдан көруге болады

kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино және Словения құрамаларымен кездесуінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Аталған ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Ұлттық құрама H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.

Қазақстан құрамасы алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдама алу мүмкіндігі жоғары.

Словенияға қарсы «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойын 1:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілсе, Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебімен жеңген болатын.

17 қарашадағы Қазақстан - Сан-Марино кездесуін 21:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде ұсынады.

Ал, 20 қарашада сырт алаңдағы Словенияға қарсы ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы сағат 01:45-те көрсетіледі.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының алдағы ойындарға қатысатын футболшылар тізімі шыққан болатын.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»).