Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі дзюдодан 2-4 ақпан аралығында Париж қаласында өтетін әлемдік «Үлкен дулыға» бәсекесінде Қазақстан атынан 14 спортшы қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов
73 келі: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев
90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев
+ 100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
Францияда өтетін айтулы жарысқа 110 елден 661 татами шебері 14 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.