IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары 26 қазанда қандай жарыс түрлерінен сынға түспек

Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында бүгін, 26 қазанда Қазақстан құрамасы қандай спорт түрлерінен бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен, 26 қазандағы жарыс кестесі мынадай:

9:00 - Бочча. Топтық раунд

9:00 - Пара садақ ату. Жартылай финал

9:00 - Пара велоспорт. Іріктеу. Жартылай финал. Финал

9:00 – Шахмат. 7 раунд

9:30 - Пара үстел теннисі. 1/8, 1/16 финал

9:44 - Пара жеңіл атлетика. Іріктеу. Жартылай финал. Финал

10:00 - Пара ескек есу. Іріктеу

10:40 - Пара жүзу. Іріктеу. Жартылай финал. Финал

11:00 - Пара пауэрлифтинг. Финалға дейінгі жарыстар

12:00 - Волейболды отырып ойнау (Қазақстан - Қытай) Топтық раунд

Айта кетсек, IV Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып жатыр.