Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңда Қатардан басым түсті

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңінде Қатар құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аса тартысты өткен матчтың есебі: 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25).

Ұлттық құрама сапындағы ең нәтижелі ойыншы – Антон Быков (19 ұпай). Бірнеше күн бұрын Евгений Овсянников баптайтын команда Астанада Үндістанды айқын басымдықпен жеңген болатын.

Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Иранмен бірге «Е» тобында көш бастады.