Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы - қоржынында 32 нокауты бар боксшы

Фейсбук

«Adal Promotions» командасының боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) 17 қарашада Ташкентте өтетін жекпе-жекте неміс боксшысы Винцент Файгенбутцпен (39-3, 32КО) кездеседі, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Файгенбутц бокс рейтингінде жоғары орында. Ол WBC рейтингінде 11-інші, IBF рейтингінде 12-нші, WBO рейтингінде 13-інші және Boxrec рейтингінде 24-інші орында.

Бұрын хабарланғандай, жекпе-жек орта салмақтағы WBC Middleweight Elimination мәртебесінде өтеді, яғни жекпе-жектің жеңімпазы WBC әлем чемпионының міндетті қарсыласы болады. Жекпе-жек 12 раундқа арналған.

Қазіргі уақытта WBC әлем чемпионы атағының иегері - американдық Джермалл Чарло.

Айта кетейік, Мейірім BoxRec.com. сайтының нұсқасы бойынша, салмақ санаттарына қарамастан Қазақстаннан келген боксшылар рейтингісінің көшін бастап тұр.