Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына күміс пен қос қола медаль түсті

Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия Пара ойындары басталды.

Бибарыс Спатай пара каноэдан 43.601 секунд көрсеткішімен екінші нәтиже көрсетіп, күміспен күптелді.

Ал, Жаныл Балтабаева пара каноэдан (VL3 200) жекелей бағдарламада үшінші орын иеленді. Алғашқы екі орынға Өзбекстан мен Қытайдан келген параатлеттер тұрақтады.

Максим Богатырев та пара каноэден қолаға қол жеткізді, оның нәтижесі 58.479 секунд.

Еске салсақ, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады.

Байрақты бәсекеде 131 спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.