Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалда кездесетін жұптар анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
23 мамырда ширек финалда Чехия АҚШ-ты 1:0, Швеция Финляндияны 2:1 есебімен жеңді.
Ал, одан бұрын Канада Словакияны 6:3, Швейцария Германияны 3:1 есебімен қапы қалдырған болатын.
Енді 25 мамырда жартылай финалда Швеция мен Чехия, Канада мен Швейцария құрамалары ойнайды.
Финал мен 3-орын ойындары 26 мамыр күні өтеді.
Айта кетсек, биыл Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын бесінші жыл қатарынан сақтап қалды.
Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңде Франция мен Польшаны 3:1 есебімен жеңсе, Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 1:3, Германияға 2:8, АҚШ-қа 1:10 есебімен есе жіберді.