«1,5 миллиард долларлық реванш»: Флойд Мейвезер Макгрегорды қарымта жекпе-жекке шақырды

ашық дереккөз

Кіші Флойд Мейвезер Конор Макгрегормен 1,5 миллиард долларға екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

"Ударные новости" Telegram-арнасы және  𝐔𝐅𝐂 𝐌𝐌𝐀 𝐍𝐄𝐖𝐒 арнасының жазуынша, қарымта жекпе-жек екі кезеңнен тұрады. Біріншісі бокс ережелері бойынша, содан кейін ММА ережелері бойынша жекпе-жек өтеді.

Жекпе-жек Таяу Шығыста, яғни БАӘ қаласы Абу-Даби мен Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарлануда. Екі айқас та ресми болады және олардың нәтижелері палуандардың рекордына енеді.

Сонымен қатар, Мейвезер өзінің бейресми “The Best Ever” (әлем тарихындағы ең үздік) атағын тігуге дайын екенін мәлімдеген.