Альварес Головкинмен айқас алдында бапкер ауыстырды

Ашық дереккөз

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды.

Бұл туралы  Mundo Deportivo басылымы жазды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған. Мәселен "Канелоның" физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетеді екен.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.