Денис Теннің өмірден өткеніне 4 жыл болды

Из открытых источников

Бүгін танымал спортшы, мәнерлеп сырғанау шебері Денис Теннің өмірден өткеніне 4 жыл толды, деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі Спутник.кз-ке сілтеме жасап.

19 шілде еліміздің мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы Денис Тен қаза тапқан күн.

Оның өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды.

Даңқты спортшы тірі болса биыл 29 жасқа толар еді.

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде 25 жасында  көлік тонаушылардың қолынан қаза тапты.