Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық 2 балуан сайысқа түседі

ашық дереккөз

12 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан сайысқа түседі.

Бүгін татамиге ерлерден Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары), әйелдерден Камила Берліқаш (78 келі) шығады.

Белдесулер елорда уақытымен сағат 12:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.

Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (100 келі) жүлдесіз қалды.

Сондай-ақ, әйелдерде Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келі) жарысты ерте аяқтады.