Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Ашық дереккөз

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жекті өткізеді. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини мәлімдеді деп хабарлады LIFE09 ақпараттық агенттігі bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

«GGG Фалькао Эскивімен жекпе-жекті қабылдайды. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионы командасы DAZN Boxing және DAZN Brasil компанияларымен келіссөздер жүргізуде. Жекпе-жек наурыз айында болады», – деді журналист.

Эскива Фалькао WBA және IBF желісі бойынша міндетті үміткер. Одан кейін Головкин – Фалкао жекпе-жегінің жеңімпазы кубалық орта салмақтағы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездеседі деп күтілуде.