Шавкат Рахмонов «UFC 4» ойынында пайда болды

скриншот

Electronic Arts компаниясы EA Sports UFC 4 ойынына жаңарту жасап, ростерге қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты қосты.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Шавкат Рахмонов ойында төрт жарым жұлдыз рейтингісін алды. Ойынды шығарушылар Шавкаттың күресі, соққысы және шыдамдылығын да осылай бағалаған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - UFC 4 ойынына қосылған тұңғыш қазақстандық спортшы.

Жартылай орта салмақ дәрежесінде UFC-де өнер көрсетіп жүрген Шавқат Рахмонов маусым айында тұншықтыру әдісімен америкалық файтер Нил Мэгниді жеңіп, рейтингте үздік ондықтықтың ішіне кірген еді. Жалпы отандасымыз UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткені айтылған.