Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта толыққанды әлем чемпионы атанды

ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша ресми әлем чемпионы атанды.

WBO сайтында жарияланған құжатта америкалық боксшы Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысатынын және орта салмақтағы чемпиондық титулынан бас тартатыны айтылған.

Чемпион регламентіне сәйкес WBO екінші орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін Деметриус Андраде мен ұлыбританиялық Зак Паркер жекпе-жегін бекітті. Ал Андрадеге тиесілі болған орта салмақтағы белбеу бос болып қалды. Енді бұл титул 21 мамырдан бері уақытша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына беріледі. Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақтағы толық қанды әлем чемпионы атанды.