BANNER

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Aikyn.kz

Алматылық полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді қамауға алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сондай-ақ, олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.