BANNER

Әдеп жөніндегі кеңес қызметі

pixabay.com

Бүгінгі күні кез-келген жағдайда тиісті тәсілдер мен айрықша шешімдер табуға қабілетті, ерекше ойлайтын жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің басты талаптарының бірі.

Мемлекеттік қызметшілер билік пен халық арасын байланыстыратын алтын көпір.  Сондықтан олардың кәсіби біліктілігімен қатар, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгелерге үлгі болуы  тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің бойында жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, әділдік, адалдық сияқты қасиеттер болуы тиіс.Сол себепті, осы бағытта жұмыс істеу - бүгінгі күннің талабы.

Ал, бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыру және қадағалауда Әдеп жөніндегі кеңестің алатын орны ерекше.

Себебі, Кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын алу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қарауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері отырыстарында әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау, тәртіптік комиссиялар жұмысын үйлестіру және өзге де лауазымды адамдардың есептерін тыңдауды жүргізеді. 

 Жылдан жылға тәртіптік істердің саны және қаралатын профилактикалық сұрақтар үлесінің өсу динамикасы байқалады.

Айтылғанның айғағы - Әдеп  жөніндегі кеңес отырыстарында қарастырылатын тәртіптік істердің азаюы. Мәселен, 2024 жылы Әдеп  жөніндегі кеңестің  9  отырысында  48 мәселе қарастырылса, оның ішінде тек 19% не 9 тәртіптік істер, яғни қаралған мәселелердің профилактикалық үлесі 81%   құрап отыр.

Бүгінгі таңда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің  әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған шаралар қабылдап,  белсенді жұмыс жасауда.

Бұл мақсатта, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тек отырыстарға қатысып қана қоймай,  мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде аудан және ауылдық округтерге барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын өткізеді, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

Бұндай шаралар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасаудың алдын алуына, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, халыққа жақын, әр істе әділ болуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Бағдары айқын, қызметі елеулі Әдеп жөніндегі кеңес институты халықтың сенімін ақтауға  өз күшін  сала бермек.

 

 

Р.Танишпеков,

«Amanat»  партиясы

Қарағанды облыстық

филиалының

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  кеңес

төрағасының  орынбасары,

Әдеп  жөніндегі  кеңестің  мүшесі