Егер сіз кітапты көп оқитын жан болсаңыз, қуана беріңіз. Сіз пайдалы іспен айналысып жүрсіз.
Бұның пайдасы біріншіден өзіңізге. Рухани тұрғыдан қарасақ та, физикалық тұрғыдан қарасақ та солай. 2016 жылы үш мыңнан астам адам қатысқан эксперимент қорытындысына сүйеніп айтып отырмыз. Тіпті, газет, интернет-медия қарайтын, өзін тұрақты оқырман санайтындар бұл санатқа кірмейді. Ғұмырды кітап қана ұзартады деп анықтап жазыпты ғалымдар. Біз пақыр қандай кітап оқығаныңа да байланысты-ау деп ой қосамыз.
АҚЕРКЕ АЯНҚЫЗЫ