Саранда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Ашық дереккөз

Оқиға 29 наурыз күні сағат 16:40-та Саран қаласының 1А ықшам ауданында орналасқан үйде болған. 2020 жылы туған қыз 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Сол сәтте үйде үлкендерден сол үйдің балалары ғана болған,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Құлаған қыз облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, жабық бассүйек-ми жарақаты, өкпенің контузиясы бас пен жақтың жарақаты, бас миының контузиясымен жансақтау бөліміне жатқызылды.