BANNER

Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты іс жабылды – адвокат

Фото: yandex.kz

Талғарда өлтірілген 16 жастағы Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы кеше отбасының адвокаты Мейірман Шекеев айтты.

"Нұрқанаттың ісі тоқтатылды! Дегенмен, алдағы уақытта істі қайта ашу туралы өтініш жазамыз", – деп жазды ол 2025 жылдың 3 тамызында Instagram желісінде.

2025 жылдың 24 маусымында Мейірман Шекеев Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа сотталғандардың барлығы дерлік аппеляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Апелляциялық сот отырысы 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді.

25 шілдеде Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шыққаны белгілі болды.