Астаналық журналист Асхат Ниязов парақшасында Шымкенттегі қоғамдық дәретхананы көрсетті. Желідегілер дәретхананың жаңашылдығына таңданды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ниязов Шымкентте жарты күн жүріп, кездейсоқ әдемі, заманауи қоғамдық дәретханаға тап болғанын хабарлады. Кірген кезде аудиосәлемдеме бар және нұсқаулық көрсетілген. Түймені басқаннан кейін Ниязов шынының мөлдір болмай қалатынын көрді.
Ол Қазақстанның басқа қалаларындағы осыған ұқсас мекемелерде мұндай дәретхана болмайтынын айта өтті.
"Шымкент таңғалдырудан жалықпайды. Мына раковинаға қараңыз! Сәнді! Жағымды иіс шығады, бәрі таза. Достар, не болып жатыр? Бұл не болды өзі?" – деп таң қалды Асхат Ниязов.