BANNER

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: жобаның негізгі жаңалықтары

Фото: Life09

Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасын ұсынды. Құжатта ел дамуының заманауи бағыттары мен басымдықтары айқын көрініс тапқан.

Жобаның орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация белгіленген. Бұл – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясында адами капиталды басты құндылық ретінде қарастыратынын көрсетеді.

Сонымен қатар, ең маңызды мазмұндық бағыттардың бірі – цифрландыру. Алғаш рет Конституция деңгейінде азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы норма бекітілді. Бұл өзгеріс ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жалпы, жаңа Конституция жобасы білімді ұлт қалыптастыруға, технологиялық прогреске және заманауи қоғам талаптарына сай құқықтық негіз құруға басымдық береді.