Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

ашық дереккөз

Өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар 3 қарашадағы мәлімет бойынша, 840 адам коронавирус инфекциясынан (–690+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

5 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.