Доллар бағамы 480 теңгеден асты

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Қазақстанқор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге өсіп, 480,16 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 27 шілдедегі ресми бағамы - 479,83 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 480,78 теңге, сату - 485,04 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,45 теңгеден сатып алынып, 481,54 теңгеден сатылып жатыр.